АСТАНА. 1 сәуір. Құрлықтық хоккей лигасының келесі маусымында Астананың «Барысы» өз айдынындағы ойындарды жаңа аренада өткізеді. Бұл туралы hcbarys.kz хабарлады.
Кеше ғана клуб президенті болып тағайындалған Александр Корешковтың айтуынша, жаңа спорт кешені 12 мың орындық болады. «Клуб құрылымында әзірге айтарлықтай өзгеріс болмайды. Маған алдымен команданың жетістіктерін арттыру үшін тың ұсыныстар жасау міндеті жүктелді. Өздеріңіз білесіздер, 2015-2016 жылғы маусымнан бастап «Барыс» 12 мың орындық жаңа мұз айдынында ойнайды. Соған байланысты клубтың коммерциялық маңызын жетілдіру мәселесін қарастыратын боламыз», – деді Александр Корешков.
Айта кетейік, кеше «Барыс» командасының бас демеушісі «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы клуб президентінің ауысқандығы туралы мәлімет таратты. Соған сәйкес, бұрынғы президент Нұрлан Оразбаевтың орнына Александр Корешков тағайындалды.
Александр Корешков бұрынғы хоккейші. Кезінде «Торпедо» (Өскемен), «Металлург» (Магнитогорск), «Сибирь», «Северсталь», «Мечел» және «Барыс» командаларында ойнаған. Қазақстан құрамасы сапында да айдынға шықты. Ал бүгінге дейін ол ұлттық құраманың бас менеджері қызметін атқарып келді.
«Жаңа қызметке ауыссам да, ұлттық құрамадағы міндетімді қоса атқарамын. Себебі, құрама мен «Барыс» командасын бөліп қарауға болмайды», – деген жаңа басшы алдағы уақытта жас хоккейшілерге ерекше көңіл бөлінетінін айтты.
Еламан Қоңыр.
Дерек: hcbarys.kz.
Сурет: skyscrapercity.com.

Жаңбыр,найзағай,қатты жел: ертең ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Емдеу мен дәрі-дәрмек төлемдеріне жаңа талап енгізіледі
Медицина • Кеше
Музыка мұғалімдері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мәдениет • Кеше
Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылады
Аймақтар • Кеше
Елімізде 103 суару каналы автоматтандырылады
Шаруашылық • Кеше
Шымкентте кортеж жасаған жүргізушілер жазаға тартылды
Аймақтар • Кеше
«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты
Партия • Кеше
Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды
Президент • Кеше
Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды
Табиғат • Кеше
Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Астанада құрылыс кранының кабинасы өртенді
Оқиға • Кеше