АТЫРАУ. 1 сәуір. Атырау облысының тұрғындарына ақша айырбастау бекеттері арқылы екі айда 148,6 млн. АҚШ доллары сатылған. Ұлттық банктің Атырау облыстық бөлімшесінің директоры Қозыбақ Құлбарақов осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Өткен жылдың қаңтар-ақпан айларындағы көрсеткішке қарағанда биылғы екі айда халықтың шетелдік валюталарды сатып алуға ықыласы арта түсті. Мәселен, қаңтар-ақпан айларында Атыраудағы айырбастау бекеттері арқылы халыққа 148,6 млн АҚШ доллары сатылды. Бұл көрсеткіш былтырғыдан 31,5 пайызға өсті», – дейді Қозыбақ Құлбарақов.
Сонымен қатар, халық тарапынан еуро мен ресей рублін сатып алуға да қызығушылық артып отыр. Қаңтар-ақпан айларында атыраулықтарға 3,2 млн. еуро мен 1 893,5 млн. Ресей рублі сатылыпты. Шетел валюталарының бұл түрлерін сатып алу тиісінше 3,2% өсіпті.
Тағы бір айта кетер жайт, атыраулықтардың осы уақыт ішінде қолындағы шетел валюталарын теңгеге айырбастауда да белсенділігі байқалыпты. Мәселен, халықтан 25,6 млн. АҚШ доллары, 1,1 млн. еуро және 371,1 млн. Ресей рублі сатып алыныпты. Сондай-ақ, ұлттық валютаны тұтыну көрсеткіштері де өткен жылғыдан әлдеқайда артқан.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: sharij.net.

Жаңбыр,найзағай,қатты жел: ертең ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Емдеу мен дәрі-дәрмек төлемдеріне жаңа талап енгізіледі
Медицина • Кеше
Музыка мұғалімдері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мәдениет • Кеше
Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылады
Аймақтар • Кеше
Елімізде 103 суару каналы автоматтандырылады
Шаруашылық • Кеше
Шымкентте кортеж жасаған жүргізушілер жазаға тартылды
Аймақтар • Кеше
«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты
Партия • Кеше
Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды
Президент • Кеше
Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды
Табиғат • Кеше
Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Астанада құрылыс кранының кабинасы өртенді
Оқиға • Кеше