АСТАНА. 29 наурыз. Түркияның Самсун қаласында дзюдодан «Гран-при» жарысы аяқталды. Бұл сында Қазақстаннан барған палуандар тек бір қола медальді қанағат тұтты. Қоржынға жалғыз жүлдені салған – Ислам Бозбаев (90 кг.). Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Ислам алғашқы белдесуін Ирактан келген Шиһаб Алкураишиге қарсы өткізді. Оны жеңгеннен кейін, Нидерланды сенім артқан Гиллеим Элмондпен күш сынасты. Бұл жолы да қазақ дзюдошысының мерейі үстем болды. Ал ширек финалдық белдесуде Сербия палуаны Александр Куколджге есе жіберді. Сербиялық жартылай финалда да жеңіске жетіп, біздің палуан жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды. Аталған сында Словакияның Милан Рандль есімді спортшысын жеңді. Ал қола медальға таласта Израильден келген Ли Кошманнан басым түсті.
Ислам Бозбаев 2010 жылы Қытайдың Гуанжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында күміс жүлде олжалағанын айта кетейік. Сондай-ақ, 2012 жылғы Лондон олимпиадасына қатысқан тәжірибелі дзюдошы. Әйтсе де, 2013 жылы алған ауыр жарақатына байланысты біраз уақыт жарыстарға қатысқан жоқ. Бұл «Гран-при» Ислам үшін осы маусымдағы алғашқы сайыс.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: judoinfo.kiev.ua.
• 29 Наурыз, 2015
Ислам Бозбаев – «Гран-при» сайысының қола жүлдегері!

Жаңбыр,найзағай,қатты жел: ертең ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Емдеу мен дәрі-дәрмек төлемдеріне жаңа талап енгізіледі
Медицина • Кеше
Музыка мұғалімдері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мәдениет • Кеше
Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылады
Аймақтар • Кеше
Елімізде 103 суару каналы автоматтандырылады
Шаруашылық • Кеше
Шымкентте кортеж жасаған жүргізушілер жазаға тартылды
Аймақтар • Кеше
«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты
Партия • Кеше
Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды
Президент • Кеше
Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды
Табиғат • Кеше
Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Астанада құрылыс кранының кабинасы өртенді
Оқиға • Кеше