Digital • Бүгін, 08:25

«Digital Qazaqstan»: Цифрлық дәуірге бетбұрыс

5 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Жаңа құжат еліміздің технологиялық дамуының ­басым бағыттарын айқындап, цифрлық мемлекет қалыптастыру ісіне жаңа серпін береді. Стратегия экономиканың түрлі саласына озық технологияларды кеңінен енгізуге, мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға және жасанды интеллект экожүйесін дамытуға жол ашуға тиіс.

«Digital Qazaqstan»: Цифрлық дәуірге бетбұрыс

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, «Digital Qazaqstan» стратегиясы жекелеген қызметтерді цифрландырумен шектелмейді. Құжат­­­тың басты мақсаты – елімізді ­то­лық­­­қанды цифрлық мемлекетке айнал­­дыру. Осы жолда мемлекеттік бас­­қару, экономика және әлеуметтік сала­да жа­санды интеллект кеңінен енгізіледі.

Демек, мемлекеттік жүйе­лер өзара байланысып, қыз­меттер азаматтың өмірлік жағ­дайына қарай автоматты түрде ұсынылады. Мәселен, әлеу­мет­тік төлемдерді рәсімдеу, дәрі­герге жазылу немесе білім беру қызметтерін алу үдерісі әлде­қайда жеңілдейді.

Стратегияның тағы бір маңыз­­­ды бағыты – экономиканы цифр­­лық трансформация­лау. Ауыл шаруашылығы, өнер­кә­сіп, құ­ры­лыс, көлік және қаржы салаларын­да жасанды интеллект пен цифрлық техноло­гиялар кеңінен енгізіледі. Бұл еңбек өнімділігін арттырып, шығындарды азайтуға және биз­нестің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Жасанды интеллект және цифр­лық даму министрлігінің мәлі­метінше, жасанды интеллек­тіні жаппай енгізу, өнеркәсіп, логистика және энергетиканы цифрландыру ел экономикасына қосымша серпін береді. Ал технологиялық жобаларға тартылатын инвестиция көлемі 10,5 – 16,5 миллиард долларға дейін жетуі мүмкін.

Жаңа стратегия білім саласына да ерекше назар аударады. Құжатта жасанды интеллект мамандарын даярлау, өңір­лік IT-мектептер желісін кеңей­ту және халықтың цифрлық сауат­тылығын арттыру көзделген. Соны­мен қатар оқушылар үшін жа­санды интеллект негізіндегі жеке білім беру бағыттарын қа­лып­тастыру жоспарланып отыр.

Сарапшылардың пікірінше, әлемде жасанды интеллект технологияларын ерте меңгерген елдер жаңа экономикалық көш­басшыларға айналады. Сон­дық­­тан «Digital Qazaqstan» стра­­­те­гиясы еліміздің алдағы онжылдықтағы бәсекеге қабі­лет­тілігін айқындайтын маңызды құжат саналады.

«Мемлекет басшысы үш жыл ішінде елімізді толыққанды цифрлық елге айналдыру мін­детін қойып отыр. Бүгінде жасанды интеллектінің толық эко­жүйесін қалыптастырып жатқан елдер көш бастап келеді. Мұндай архитектура «AI Economy Stack» деп аталады және ол энергетика мен инфрақұрылым, есептеу қуат­тары, деректер мен үлкен тілдік модельдер, цифрлық платформалар және қолданбалы ЖИ-қызметтері деген бес деңгейді қамтиды», деді министр.

Ал ІТ маманы Мейіржан Әуел­ханұлының айтуынша, бұл Жарлықтың басты құндылығы – оның саяси маңызында.

«Үш жыл бойы министрлік­тер­дің әрқайсысы өз бағыты бойынша ғана цифрландырумен айналысып келді. Ал «Digital Qazaqstan» осының бәрін бір жүйеге біріктіреді. Тағы бір маңызды тұсы оның мерзімінде. 2029 жылға дейінгі кезең – бар-жоғы үш жыл. Бұл – нәтижесі тез арада айқын сезілетін қысқа мер­зім. Халық та, бизнес те, шенеу­ніктер де атқарылған жұмыстың жемісін бірнеше жыл ішінде көре алады. Бірақ ең бас­тысы – «Қарапайым азаматтың, бизнестің, мұғалімнің өмірінде нақты не өзгерді?» деген сұраққа шынайы жауап табылуы керек. Осы стратегияның негізгі табысы мен жеңісі де дәл осы сұраққа берілетін жауаппен өлшенбек», деді М.Әуелханұлы.

Стратегия үш негізгі бағыт ая­сында жүзеге асырылады. Бірін­­шісі – азаматтардың мүд­десі үшін цифрландыру. Бұл бағытта мемлекеттік қызметтер адамның өмірлік жағдайына бейімделіп, проактивті форматқа көшіріледі. Мысалы, әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік қолдау кө­мектерін алу кезінде азамат­тар­дың қосымша құжат жинауына қажеттілік бір­тіндеп азаяды. Денсаулық сақтау саласында де­ректерді талдау негізінде ауру­лар­дың алдын алу мен емдеу са­па­сын арттыру көзделсе, білім бе­ру жүйесінде оқушылардың қабі­­ле­тіне қарай жеке оқу бағыт­та­рын қалыптастыру жоспар­ланған.

Екінші бағыт нақты секторды цифрлық трансформация­лауға арнал­ған. Құжатта ауыл шаруа­шылығы, өнеркәсіп, құры­лыс, көлік және қаржы салаларын цифрлық технологиялар негізінде жаңғырту міндеті қойылған. Сонымен бірге роботтехника, ұшқышсыз жүйелер, цифрлық активтер және ғарыш технологиялары сияқты жаңа салаларды дамытуға басымдық беріледі.

Стратегия аясындағы ең ірі жобаның бірі – «AI Hub» құру. Ол ғылыми орталықтарды, жо­ғары оқу орындарын, техно­ло­­гия­лық компаниялар мен есеп­теу қуаттарын бір жерге шо­ғыр­ландыратын өңірлік инно­вация­лық алаң болмақ. Мұн­да жа­сан­ды интеллект бағы­тын­дағы жаңа өнімдер әзір­леніп, сы­нақ­тан өткізіліп, ком­мер­ция­ландырылмақ. Мем­лекет бұл бас­та­ма арқылы елімізді Орта­лық Азиядағы техноло­гия­лық хабтар­дың біріне айналдыруды көздейді.

Жасанды интеллект дәуірінде елдердің бәсекеге қабілеттілігі табиғи ресурстардан бөлек, технологиялық мүмкіндігімен де өлшенеді. Сондықтан «Digital Qazaqstan» еліміздің цифрлық қызметтерді дамыту кезеңінен цифрлық басқару кезеңіне өтуін қамтамасыз ететін маңызды стра­­те­­гиялық құжат ретін­де баға­ланып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:10

Тарихы терең рухани орда

Аймақтар • Бүгін, 09:05

«Ацтека». Доп. Дүбір!..

Футбол • Бүгін, 09:00

Рыбакина орнын сақтап қалды

Теннис • Бүгін, 08:58

Құрыш құйған қаланың мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 08:52

Аспантаудағы ауқымды істер

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Асфендияровтың ұрпағы

Зерде • Бүгін, 08:43

Бір мақсат, бір мүдде

Қоғам • Бүгін, 08:40