Қазақстан Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко Индонезия Республикасы Өкілдер палатасы Төрағасының орынбасары Фахри Хамза бастаған парламенттік делегация өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Тараптардың атап өткеніндей, ел басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Сусило Юдойононың мемлекеттік сапарлары екі ел ынтымақтастығының тереңдей түсуіне тың серпін берді. Қазіргі уақытта қос мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл барлық салада табысты дамып келеді.
Қазақстан Индонезияны Оңтүстік-Шығыс Азиядағы саяси және экономикалық әлеуетке ие алдыңғы қатарлы ел ретінде таниды.
Вице-спикер сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, саяси салалардағы ортақ жетістіктерді алға тартып, қауіпсіздік пен тұрақтылық бағытындағы маңызды бастамаларды сөз етті.
Өз кезегінде Өкілдер палатасының Вице-спикері Фахри Хамза аталған салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетудің маңыздылығына тоқталып, Индонезияның Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды әріптестерінің бірі ретінде қарайтындығын атап өтті.
Кездесу барысында парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселесіне айрықша көңіл бөлініп, екі елдің заңнамалық органдары арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық жөніндегі топ құру қажеттілігі айтылды.

Жаңбыр,найзағай,қатты жел: ертең ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Емдеу мен дәрі-дәрмек төлемдеріне жаңа талап енгізіледі
Медицина • Кеше
Музыка мұғалімдері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мәдениет • Кеше
Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылады
Аймақтар • Кеше
Елімізде 103 суару каналы автоматтандырылады
Шаруашылық • Кеше
Шымкентте кортеж жасаған жүргізушілер жазаға тартылды
Аймақтар • Кеше
«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты
Партия • Кеше
Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды
Президент • Кеше
Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды
Табиғат • Кеше
Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Астанада құрылыс кранының кабинасы өртенді
Оқиға • Кеше