28 Маусым, 2015

Оңтүстік Кореяның атақты әншісі PSY Қазақстанға келді (фото, видео)

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
28-06-2015-psy 01АСТАНА. 28 маусым. Gangnam Style хитімен бүкіл әлемге танымал болған Оңтүстік Корея әншісі PSY Қазақстанда алғашқы концертін берді. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады. Алматыға кеше, 27 маусымда келген әнші сол күні кеште Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында сахнаға шықты. Концертте сонымен қатар, Ресейден келген қонақ – Дима Билан, қазақстандық әнші Бүркіт пен басқа да жұлдыздар өнер көрсетті. Кешке Олимпиада чемпионы Илья Илин де қатысты. Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында ауыр атлет PSY-ға қазақша шапан кигізіп жатқан бейнежазбасын да жариялаған. Дәл осы жерде Илья Илиннің оңтүстіккореялық әншімен түскен селфиі де бар. Естеріңізге сала кетейік, PSY – Оүтүстік Кореядағы ең белгілі әнші болып саналады. Сахна жұлдызының Gangnam Style атты бейнебаяны YouTube-тегі ең көп қаралған жазбаға айналды. Бүгінгі күнге дейін бұл бейнебаянды екі миллиардтан астам халық тамашалаған. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: tengrinews.kz. 28-06-2015-psy 02 28-06-2015-psy 03