28 Маусым, 2015

Тайваньда түнгі клубта жарылыс болып, 500-ге жуық адам зардап шекті (фото, видео)

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
28-06-2015-zharylys 03АЛМАТЫ. 28 маусым. Синьбей (Тайвань) қаласындағы ойын-сауық орталығында болған жарылыстан 474 адам зардап шегіп, 140 адам отқа күйіп қалған. Бұл туралы China Daily хабарлады. Кешкі сағат 20:30 шамасында, ойын-сауықтың ең қыза бастаған кезінде, кең сахнаға мыңға жуық адам шығып, билеп жатқан. Дәл осы тұста көңілді халықтың үстінен белгісіз тұстан ұнтақ шашылып, ол іле-шала отқа айналған. Үрей құшағындағы жұрт жанталасып, жан-жаққа шашырай қашқанмен денелерінің ашық жерлері күйіп, ауыр жарақат алды. Тез арада жеткен «Жедел жәрдем» зардап шеккендерді қаланың 19 ауруханасына орналастырды. Зардап шегушілердің көбінің беті мен қол-аяғын күйік шалған. Полиция белгісіз ұнтақ шашылған жарылыстың себеп-салдарын анықтауға кірісті. Талғат Сүйінбай. Дерек: China Daily. Сурет: CCTV News. 28-06-2015-zharylys 01 28-06-2015-zharylys 04 28-06-2015-zharylys 05