Парламент • Бүгін, 12:47

eGov, e-Otinish және Aitu қызметтерін интернетсіз пайдалануға болады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісі депутаттары телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда қарастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

eGov, e-Otinish және Aitu қызметтерін интернетсіз пайдалануға болады

Заң жобасына сәйкес, енді қолданушылар үшін смартфондағы бірқатар цифлық платформаларға кіру жеңілдей түспек. 

«Түзетулердің бірінші блогында әлеуметтік маңызы бар цифрлық сервистерге, мысалы eGov, e-Otinish және ұлттық мессенджер Aitu сияқты қосымшаларға тарифсіз қолжетімділікті қамтамасыз ету ұсынылады. Бұл азаматтарға нөлдік баланс болған жағдайда да негізгі мемлекеттік қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді», деді Премьер-министрдің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін

Министр заң жобасы 116 түзетуден тұратынын атап өтті.

Аталған заң жобасында Қазақстан азаматтарына ұялы нөмір мен смартфонды үшінші тұлғаларға беруге тыйым салу мәселесі де қаралып жатыр.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар