Оның айтуынша, олардың 509-ы мемлекеттік жер қорында, 210-ы жер телімін мақсатты пайдалануды бұза отырып жеке аумақтарда орналасқан, ал 876-сы қаланың бекітілген дизайн-код талаптарына сәйкес келмейді.
Басқарма басшының сөзінше, мұндай нысандар жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп, қаланың сәулеттік келбетіне зиян келтіріп, тұрғындар тарапынан шағымдардың көбеюіне себеп болып отыр.
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды заңсыз сауда нысандарына қатысты қатаң шара қабылдауды тапсырды.
«Ең алдымен жауапкершілік аудан әкімдеріне жүктеледі, олар күн сайын аумақтарды аралап, заңбұзушылықтарды анықтауға тиіс. Жыл басынан бері бар болғаны 157 нысан сүрілген – бұл қала үшін төмен көрсеткіш. Электр және су желілерін ажырату, полициямен бірлесіп әкімшілік жауапкершілікке тарту қажет. Ешқандай жеңілдік болмауы керек», деді Дархан Сатыбалды.
Алматы әкімі жауаптыларға мәселені реттеуге бір ай мерзім белгіледі.
Нұрболат АМАНБЕК