Ғылым • Бүгін, 11:00

Жас ғалым жолдағы ақауды табатын құрылғы ойлап тапты

10 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Еліміздің тау-кен өнеркәсібі – ел экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Алайда өндірістегі тиімділік пайдалы қазбаның көлемімен ғана өлшенбейді. Бұл сала инфрақұрылымның сапасымен де тығыз байланысты. Атап айтсақ, карьер ішіндегі технологиялық жолдардың жағдайы – ауыр техниканың өнімділігі мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды фактор. Осы бағытта жас ғалым, инженер, PhD Әсем Ержанқызы Өтегенова тың ғылыми жобаны қолға алып отыр.

Жас ғалым жолдағы ақауды табатын құрылғы ойлап тапты

Әсем Ержанқызы  – кәсі­би жолын  инженерия, ғылым мен жоғары білім саласымен ұш­тастырған маман. Ол Қаныш Сәтбаев уни­верситетінде білім алып, «Техно­логиялық машиналар және жаб­дықтар» мамандығы бойынша ба­калавр, «Машина жасау» бо­йынша магистр дәрежесін ал­ған. Ғылыми ізденіске деген қызығу­шылығы оны «Тау-кен ісі» бағыты бойынша докторантураға жетелеп, 2019 жылы PhD дәрежесін қорғады. Докторантура кезінде Польшадағы «Silesian University of Technology» университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, ха­лық­аралық деңгейдегі зерттеу­лер жүргізді. Сонымен қатар «Kaz­Minerals» компаниясының өндірістік алаңдарында тәжірибелік жұмыс атқарды. Бүгінде ол – аталған уни­верситеттің қауымдастырылған профессоры, болашақ инженерлерді даярлап жүрген ұстаз.

2024 жылдан бастап Әсем Өте­генова Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын ғылыми жобаның жетекшісі міндетін атқарып келеді. Оның жобасының басты мақсаты – карьер ішіндегі жолдардың жағдайын нақты уақыт режімінде бақылап, ақауларды автоматты түрде анықтайтын цифрлық жүйе әзірлеу.

Оралдық оқушылар қант диабетінің мөлшерін тексеретін құрылғы ойлап тапты

Оның айтуынша, бұл мәселенің өзектілігі зор. Себебі «ERG», «Bogatyr Komir» сияқты ірі компаниялар жыл сайын карьер жолдарын жөндеуге миллиардтаған теңге жұмсайды. Ал жол сапасының төмендігі техни­каның тозуын жылдамдатады, жанармай шығынын арттырады, сонымен бірге апат қаупін көбейтеді.

Қазіргі жол жағдайы көбіне көз­бен шолу арқылы бағаланады. Бұл әдіс нақты емес әрі уақытты көп талап етеді. Жасанды интеллект көмегімен жол сапасын бақылау – аталған жобаның басты жаңалығы жасанды интеллект пен сенсорлық технологияларды біріктіру.

Ғалым әзірлеп жатқан жүйе ауыр жүк көліктеріндегі датчиктерден деректер жинайды. Сондай-ақ оларды өңдеп, шуылдан тазартады, машиналық оқыту арқылы жол ақауларын анықтап, жолдың 3D картасын жасап, «цифрлық егізін» құрады.

Оқушы биопакет ойлап тапты

Бұл жүйе жолдағы ойықтар, кедір-бұдырлар мен көлбеуліктерді автоматты түрде анықтап, оларды қауіптілік деңгейі бойынша жіктейді.

Жас ғалымның зерттеуі барысында әртүрлі дереккөз – «BelAZ», «Caterpillar» техникаларының борттық жүйелері, инерциялық сенсорлар, дрон арқылы түсірілген аэрофото және 3D нүктелік бұлт деректері пайдаланылады. Осының бәрі бірігіп карьер жолдарының то­лық цифрлық моделін құрастырады.

«Бұл жоба елімізде алғаш рет жүзеге асырылып отыр. Оның нәтижесі ғылыми жетістік қана емес, нақты өндірістік тиімділік береді. Біз әзірлеп жатқан жүйе өндіріс қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, шығындарды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Бұл – тау-кен саласын цифрландырудағы маңызды қадам», дейді ғалым.

Ғалымның кәсіби дамуына «Бола­шақ» бағдарламасы аясын­дағы тағылымдама өзгеше әсер етті. Поль­шадағы өндіріс орындарында тәжірибе жинақтап, халықаралық конференцияларға қатысуы оның ғылыми көкжиегін кеңейтті. Бүгінде ол 25-тен астам ғылыми мақаланың авторы, оның ішінде халықаралық рецензияланатын журналдарда жарияланған еңбектері бар.

Бүгінде цифрлық технология­лар дәуірінде тау-кен өндірісі де жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Әсем Өтегенованың жобасы осы өзге­рістердің нақты көрінісі болмақ.

Бір сөзбен айтқанда, карьер жолдарын «ақылды» жүйемен басқару – өндіріс мәдениетінің жаңа кезеңі. Мұндай жобалар еліміз ғылымының әлеуетін көрсетіп қана қоймай, ел экономикасының тиімді дамуына да жол ашады.

Соңғы жаңалықтар