Ауа райы • Бүгін, 09:23

Бұршақ жауып, күн күркірейді: 13 мамырға арналған ауа райы болжамы

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» мамандары 13 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің солтүстік өңірлерінде құбылмалы ауа райы сақталса, оңтүстік пен батыста күн жылынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұршақ жауып, күн күркірейді: 13 мамырға арналған ауа райы болжамы

Фото: Ашық дереккөз

Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15-18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз +14...+16°C.

Алматыда күн ашық, жауын-шашынсыз. Күндіз +17...+19°C жылы.

Шымкентте күн райы жылы, бірақ жел күшейеді (15-20 м/с). Термометр бағаны күндіз +25...+27°C көрсетеді.

Павлодар, Семей, Өскемен және Көкшетау қалаларында жаңбыр жауады. Қостанайда күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал. Температура орташа есеппен +13...+18°C деңгейінде болады.

Атырау мен Түркістанда күн +30°C-қа дейін ысиды. Ақтау, Ақтөбе және Оралда да жылы ауа райы сақталады (+23...+27°C).

Қарағанды мен Жезқазғанда жауын-шашынсыз, күндіз +15...+23°C жылы болады.

Соңғы жаңалықтар