Ауа райы • Бүгін, 11:59

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде 35 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы күндері Қазақстанның батыс және оңтүстік аумақтарында  күндізгі ауа температурасы +27…+35 градусқа дейін жоғарылайды. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде 35 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағындағы ауа райына екі барикалық құрылым әсер етеді. Елдің батыс және оңтүстік өңірлері оңтүстік циклонның ықпалында болады. Бұл аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, сондай-ақ күндізгі ауа температурасы айтарлықтай жоғарылайды.

«Республиканың қалған бөлігінде суық антициклон өз әсерін сақтайды. Түнгі уақытта солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 1-6 градусқа дейін үсік күтіледі. Ал күндіз бұлттылықтың аз болуына байланысты ауа температурасы +12…+28 градустан +20…+30 градусқа дейін көтеріледі», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Бұршақ жауып, күн күркірейді: 13 мамырға арналған ауа райы болжамы

Мамандар республика бойынша желдің күшеюі күтілетіндігін айтып, оңтүстік өңірлердегі тұрғындарды шаңды дауылдан сақтануға шақырады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік, шығыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман күтіледі.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар