Қайрат Мәмидің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кезекті жалпы отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібіне сәйкес авторлық және сабақтас құқықты қорғауға, қылмыстық жаза тағайындауға қатысты Жоғарғы Соттың екі нормативтік қаулысының жобасы талқыланды.
Алғашқы жобаны таныстыра келе, Жоғарғы Сот судьясы Ирина Калашникова зияткерлік қызмет нысандарын қорғауға және қолдануға қатысты қатынастар азаматтық құқықтың нормаларымен реттелетіндігін атап өтті. Авторлық құқықты қорғау республиканың экономикалық өсімінің тұрақты және қарқынды дамуын қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі ретінде қарастырылады және Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі қарсаңында айрықша өзекті болып табылады.
Зияткерлік меншік саласындағы заңнамаға соңғы жылдары енгізілген өзгерістер авторлық және сабақтас құқықты қорғау туралы заң нормаларын сот тәжірибесінде дұрыс қолдану мақсатында осы нормативтік қаулыны әзірлеуге қажеттілік тудырды.
Жоғарғы Соттың судьясы Мейрам Жанғұттинов екінші нормативтік қаулы жобасы туралы айта келе, бұл жобаның жаза тағайындау мәселесі бойынша жаңа қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама нормаларын бірізді қолдануды қамтамасыз ету мақсатында әзірленгендігін атап өтті. Жобада республика заңнамасында бұрын-соңды болмаған бірқатар жаңа ережелер қамтылған. Бұлар, атап айтқанда, қылмыстық теріс қылыққа, келісімдік іс жүргізудегі жаза тағайындауға қатысты нормалар. Қылмыстық жаза тағайындау мәселелері бойынша сот практикасы бұрынырақта екі нормативтік қаулыда көрсетілген болатын. Жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық атқару кодекстерінің қабылдануына байланысты жаза тағайындау жөніндегі жаңа институттарды түсіндіру, жаңа нормативтік қаулы қабылдаудың қажеттілігі туындады.
Нормативтік қаулылар жобаларын әзірлеу барысында осы мәселелер бойынша сот істері зерделеніп, сот тәжірибелері сараптан өткізілді, сондай-ақ жергілікті соттардан, ҒКК мүшелері мен мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстары мен ескертулері ескерілді, деп хабарлайды Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.

Жаңбыр,найзағай,қатты жел: ертең ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Емдеу мен дәрі-дәрмек төлемдеріне жаңа талап енгізіледі
Медицина • Кеше
Музыка мұғалімдері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мәдениет • Кеше
Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылады
Аймақтар • Кеше
Елімізде 103 суару каналы автоматтандырылады
Шаруашылық • Кеше
Шымкентте кортеж жасаған жүргізушілер жазаға тартылды
Аймақтар • Кеше
«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты
Партия • Кеше
Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды
Президент • Кеше
Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды
Табиғат • Кеше
Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Астанада құрылыс кранының кабинасы өртенді
Оқиға • Кеше