Сурет: primeminister.kz
Келіссөз барысында екі мемлекет көшбасшыларының дипломатиясының арқасында қазақ-қытай қатынастары бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейде екендігі атап өтілді. Роман Скляр Шанхайдың инновациялар, қаржы және «жасыл» энергетика саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі ретіндегі жоғары әлеуетіне тоқталып, екі елдің қаржы мен іскерлік орталықтары арасындағы практикалық әріптестікті кеңейтудің маңызды екенін айтты.
Өз кезегінде Гун Чжэн Шанхай компанияларының елімізде бірлескен жобаларды, соның ішінде машина жасау, логистика, жоғары технологиялар, цифрландыру салаларында жүзеге асыруға қызығушылығын растады.
Премьер-министрдің бірін-ші орынбасары Алматы мен Шанхай арасындағы былтыр құрылған бауырлас қалалар қарым-қатынастарының әлеуетін жоғары бағалап, бұл формат сауда, инвестиция, мәдениет, білім беру салаларындағы тәжірибе алмасуда практикалық ынтымақтастықты орна-туға ықпал ететінін атап өтті.
Кездесу соңында тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға, сондай-ақ ел экономикасын әртараптандыруға, Қытай бизнесінің Орталық Азия нарықтарына шығуына ықпал ететін бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара дайындығын растады.