«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:16

«Таза Қазақстан»: Астанада 483 жүк көлігінің жүргізушісіне айыппұл салынды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде полицейлер қоршаған ортаны қорғауға бағытталған рейдтік іс-шараларды күшейтіп, ондаған мың құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Таза Қазақстан»: Астанада 483 жүк көлігінің жүргізушісіне айыппұл салынды

Фото: ІІМ

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, акция басталғалы бері 86 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген.

«Таза Қазақстан»: Астанада 83 мыңнан астам заңбұзушылық тіркелді

Анықталған заңсыз әрекеттердің басым бөлігі – қоқысты рұқсат етілмеген жерлерге тастау, ағынды суларды заңсыз төгу және қоршаған ортаны ластауға қатысты өзге де фактілер.

Акция барысында 485 жүк көлігі мен 239 ассенизатор жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Рейдтік іс-шара кезінде Астанадағы Күлтегін көшесінің бойында ЗИЛ автокөлігі жүргізушісінің қалалық аумақта сұйықтық төгуі тіркелді. Аталған құқық бұзушылық бойынша жүргізушіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы 3-бөліміне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Бектенов: «Таза Қазақстан» бастамасы қазақстандықтар тарапынан қолдау тапты

Қазіргі уақытта Астана қаласы әкімдігі мен «109 бірыңғай анықтама қызметі» бірлескен рейдтертерді жалғастырып жатыр. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрғындармен табиғатты қорғау заңнамасын сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

«Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – елдегі экологиялық ахуалды жақсарту, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу және азаматтардың табиғат тазалығына деген жауапкершілігін арттыру.

Жаңа Конституция қағидатына сай «Таза Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар