Фото: olympic.kz
Кеше Прага мұз айдынына қысқа бағдарлама бойынша Софья Самоделкина шықты. Отандасымыз төрешілердің шешімімен 66.95 ұпай жинады. Нәтижесінде аралық есепте 12-орынға тұрақтады.
Қысқа бағдарламадан кейін жапониялық Каори Сакамото – 79.31 ұпаймен көш бастады. Екінші орынға тағы бір жапониялық Моне Чиба ие болды – 78.45 ұпай. Ал үшінші орынды америкалық Эмбер Гленн иеленді – 72.65 ұпай.
Әйелдер арасындағы жекелей сында еркін бағдарлама 27 наурыз күні 22:00-де басталады.
Бүгін ерлер арасындағы бәсекеде Диас Жиренбаев өнер көрсетеді. Қысқа бағдарлама Қазақстан уақытымен 15:30-да басталады.
Мұз айдынындағы жаңа үміт: Мәнерлеп сырғанаушы Диас Жиренбаев туралы не білеміз?
Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатын «QAZSPORT» телеарнасы мен сайты тікелей эфирде көрсетеді.