Референдум • Бүгін, 16:52

Қырғызстан ОСК төрағасы: Қазақстандағы референдум жоғары азаматтық белсенділікпен өтті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тынчтык Шайназаров республикалық референдумның жоғары деңгейде дайындалғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қырғызстан ОСК төрағасы: Қазақстандағы референдум жоғары азаматтық белсенділікпен өтті

«Конституция − елдің тұрақтылығы мен бейбіт өмірінің негізі. Оның басты қағидасы − билік халықтың қолында. Сондықтан мемлекеттің болашағын халық анықтайды. Бұл − демократиялық қоғамның негізгі принципі», деді Шайназаров.

Ол Қазақстанда референдумға дейін ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

Филиппиндік бақылаушы: Дауыс санау барысы ашық өтті

Халықаралық бақылаушының сөзінше, дауыс беру күні сайлау учаскелерінде ерекше атмосфера сезіліп, азаматтар жоғары деңгейде белсенділік танытқан.

Тәуелсіз бақылаушылар: Бюллетеньдерді суретке түсіріп, интернетке жариялағандар болды

«Мен барған учаскелерде адамдардың көңіл-күйі көтеріңкі болды. Сайлаушылар белсенді қатысып, елдің болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті. Учаскелерде мерекелік көңіл-күй сезіліп тұрды», деді ол.

Сөз соңында Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстан халқына референдумның өтуімен құттықтап, елге тұрақтылық тіледі.

«AMANAT» партиясында референдум барысында жүргізілген қоғамдық бақылау жұмысы қорытындыланды

Соңғы жаңалықтар