Референдум • Бүгін, 08:07

Стратегиялық таңдау

0 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Онда мәслихат депутаттарымен, жергілікті жұртшылықпен, этномәдени бірлестіктер өкілдерімен, белсенді жастармен және еңбек ұжымдарымен кездесті.

Стратегиялық таңдау

Барлық іс-шара «Жаңа Консти­туция – ұзақмерзімді дамудың бе­рік негізі» тақырыбы аясында өтті. Сон­дай-ақ кездесулерде Мемлекет бас­шысы айқындап берген рефор­малардың басым бағыттары, Ата заңның негізгі жаңа нормалары және Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясындағы бірлескен жұмыс тетіктері талқыланды.

Сенат төрағасы атап өткендей, конституциялық реформа – ай­рықша маңызға ие тарихи оқиға және демократияны нығайту жолын­дағы нақты қадам. Жаңа Конс­титуция – Мемлекет басшысы­ның бастамасымен қолға алынған реформалардың тікелей нәтижесі. Бұл өзгерістер саяси институттарды қайта жаңғыртып, еліміздің тиімді әрі заманауи басқару үлгісіне кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етеді.

«Конституциялық реформа – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің саяси жүйесін ауқым­ды және кешенді жаңғыртуға арнал­ған бастамаларының заңды әрі дәйек­ті жалғасы. Жаңа Конституция жобасы заң мен тәртіп қағида­ты­на, азаматтардың мүддесі мен құқықтарына табан тірейді. Жалпы, бұл шешім – заманауи мемлекет моделіне өту жолындағы саналы және батыл қадам. Ата заңдағы концептуалды өзгертулердің бірі адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітілуі екенін атап өткен жөн. Жаңа Конституциядағы дәл осы қағида мемлекеттік құры­лым­ның барлық жүйесінің не­гі­зін қалыптастырады», деп М.Әшімбаев мәслихат депутаттарымен бірлесіп атқаратын алдағы ортақ міндеттерді тілге тиек етті.

Сонымен қатар Сенат спикері өңірдің өндірістік, ғылыми әлеуе­тіне ерекше назар аударып, қоршаған ортаны қорғау сала­сындағы сын-қатерлерге де тоқ­тал­ды. Сондай-ақ ол жаңа Конс­титуциядағы экологиялық нормалар халықтың денсаулығын сақтап, кәсіпорындардың жұмысына инновациялық технологияларды енгізуді қамтамасыз ететін страте­гиялық маңызға ие екенін айтты.

«Жаңа Конституциядағы эко­логиялық ережелердің Шығыс Қазақстан үшін маңызы зор. Ал­ғаш рет табиғатқа қамқор­лық та­ныту мемлекеттің іргелі құнды­лықтарының бірі ретінде бекітілді. Орнықты даму, экологиялық қауіп­сіздік және келер ұрпаққа қам­қор­лық жасау – еліміздің стра­тегиялық таңдауы. Сондай-ақ бұл – заманауи стандарттарды ен­гізу, озық технологияларға көшу және экологиялық есептіліктің ашықтығын қамтамасыз ету деген сөз. Бүгінде мемлекет ғылымды, білімді, экологиялық бастамаларды, жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдерді белсенді қолдап отыр. Дәл осы бағыттар еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Мұның бәрі Әділетті Қазақстан идеясын жүзеге асырудың жарқын көрінісі екені анық», деді палата
төрағасы.

Іс-шараларда жаңа Ата заң елі­міздің ұзақмерзімді тұрақ­ты­лығы мен ұлттық қауіпсіз­ді­гін қамтама­сыз ететін және сер­пінді дамуға негіз болатын сая­си құ­рылымды қалыптасты­ра­­ты­­ны туралы да сөз болды. Жас­­тар мен этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесуде конституциялық өзгерістер бүгінгі жаһандық сын-қатерлер жағдайында тиімді жұмыс істейтін саяси жүйе құруға бағытталғаны айтылды. М.Әшімбаев бұл рефор­малардың сапалы жүзеге асырылуы, жалпы елдің дамуы жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге саналы түрде қатысуына, сондай-ақ олардың бастамашылдығы мен кәсіби қабілеттеріне тікелей байланысты екенін де атап өтті.

«Президент еңбекқорлық, кәсіби біліктілік, жасампаздық және үздіксіз білім алу құнды­лықтарының маңызына үнемі баса мән беріп келеді. Бұл қағидаттар Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасында көрі­ніс тапқан. Ол Абайдың «Толық адам» ілімімен үндесетіні белгілі. Бүгінде жастардың белсенділік танытып, қоғамдық талқылауларға қатысуы, диалог мәдениетін ілгерілетуі және елдің болашағына жауапкершілікпен қарауы аса маңызды. Өйткені реформалардың табысты жүзеге асуы, еліміздің әрі қарай қарқынды дамуы жас буынның ұстанымына тікелей байланысты», деді М.Әшімбаев.

Ол сондай-ақ Сенат жанында бес жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан, жас мамандардың талдау қабілетін жетілдіруге бағытталған Сарапшылар клубы мен «Талдау мектебінің» қызметіне тоқталды.

Сапар аясында Сенат төраға­сы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қа­зақстан техникалық универси­тетінің, Өскемен титан-магний комбинаты және «Восток-молоко» корпорациясының ұжымдарымен кездесті. Сондай-ақ Лу Бань шеберханасына ат басын бұрып, «Автомобильдердің Smart-техно­логиясы» зертханасының қызметімен танысты. 

Соңғы жаңалықтар

Елдік тұжырымдама

Пікір • Бүгін, 08:50

Ғасыр үні жаңғырған кеш

Руханият • Бүгін, 08:30

Тұрғындар түйткілін кім шешеді?

Аймақтар • Бүгін, 08:20

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:10