Олимпиада • Бүгін, 08:35

Дүбірлі дода басталды

0 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жұмадан сенбіге қараған түні Италияның Милан қаласында ғасырлық тарихы бар, 77 мың көрерменді сыйдыра алатын әйгілі «Сан-Сиро» стадионында XХV қысқы Олимпия ойындарының алауы тұтанды. Одан бөлек, салтанатты шара Кортина-д’Ампеццо, Ливиньо, Предаццо қалаларында да ұйымдастырылды. Театрландырылған қойылымдар, әсем әндер, құттықтау сөздер айтылғаннан кейін қатысушы 93 мемлекеттің спорттық делегация мүшелері сап түзеді. Рәсімде еліміздің көк байрағын шорт-трекші Денис Никиша мен фристайлшы Аяулым Әміренова ұстап шықты.

Дүбірлі дода басталды

Ашылу салтанатының ресми бөлімінде Ха­лық­­аралық Олим­пиада комитетінің (ХОК) пре­зиденті Кирсти Ковентридің құттықтау сөзінен кейін Италия президенті Серджо Маттарелла 2026 жылғы Олимпия ойындарын ашық деп жариялады.

Дүбірлі доданың алауын тұтандыру бақыты Ита­лия­ның даңқты тау шаңғышы­ла­рына бұйырды. Үш дүркін Олим­пиа­да чемпионы, екі дүр­кін күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Альберто Том­ба Миландағы Әлем Арак­сын­да, Олимпия ойындарында үш мәрте мерейі үстем болған Дебора Компаньони Кортина-д’Ампеццодағы Анджело Ди­бона алаңында осы тарихи мис­сияны жүзеге асырды. Төрт­жылдықтың басты додасының жеңімпазы София Годжа да дәл сондай құрметке бөленді.

д

Олимпиаданың алғашқы күндері спорт­­тың бірнеше түрінен бәсекелер өтіп, ал­ғаш­қы жүлде жиынтықта­­ры сарапқа салынды. Еліміздің өрен­дері жарысты сенбі күні бас­тады. «Тезерода» өткен шаң­ғышылардың скетлон сайысында Ксения Шалыгина – 53, Надежда Степашкина 60-орынды қанағат тұтты. Бас жүлдені швециялық Фридо Карлсон олжаласа, оның отандасы Эбба Андерсон күміспен күптелді. Қола медаль норвегиялық Хей­ди Венге бұйырды.

Көп кешікпей конькиші­лер бой көрсетті. 3 мың метр­лік бәсекеде италиялық Фран­ческа Лоллобриджида Олим­пиада­ның рекордын жаңар­тып, алтыннан алқа тақты. Нор­вегиялық Рагне Вилклунд пен канадалық Валери Мал­тиас күміс пен қоланы қор­жын­дарына салды. Біздің Надежда Морозова алтыншы сатыға табан тіресе, Елизавета Голубева үздік ондықты түйін­деді. Осы орайда алғашқы алты­лыққа енген спортшыларға мемлекет тарапынан берілетін сыйақының барын естеріңізге сала кетейік. Оның құны – 5 мың доллар (2,47 млн теңге). Ал жеңіс тұ­ғырына көтерілген дүлдүлдер мынадай көлемде сыйақы алады: алтын – 250 мың доллар (123,3 млн теңге), күміс – 150 мың доллар (74 млн тең­ге), қола – 75 мың доллар (37 млн тенге). Төртінші, бесінші сатыға жайғасқандар 30 мың (14,8 млн теңге) мен 10 000 долларға (4,9 млн теңге) иелік етеді.

ш

Жексенбідегі тау шаңғы­­шы­­ларының жарысында Әмір­ға­ли Мұратбеков – 45, Наиль ­Баш­­­маков – 49-сатыға табан ті­реді. Бұл­ жарыста алғашқы үш орын­ды Йоханнес Клебо (Нор­вегия), Матис Делож (Франция), Мар­тин Ньенгет (Нор­вегия) иеленді.

Теңіз деңгейінен 1 600 метр биіктікте орналасқан «Ант­гольц» стадионында биат­лон­шы­лар сайысқа түсті. Ара­лас эста­фетада Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Айша Рақы­шева, Милана Генева бақ сынап, 21-орынды қанағат тұтты.

Соңғы жаңалықтар