Тағайындау • Бүгін, 11:35

Астана қаласының прокуроры ауысты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің келісімімен және Бас прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ғабит Қасымбекұлы Мұқанов Астана қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана қаласының прокуроры ауысты

Фото: Бас Прокуратура

Ғабит Қасымбекұлы еңбек жолын Алматы облысы Кербұлақ ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған. Әр жылдары Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры және Астана қаласы прокуратурасының Аппарат басшысы-басқарма бастығы, Астана қаласы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Кадрлық дамыту департаментінің бастығы лауазымдарын атқарған.

2021 жылғы тамыздан Шымкент қаласының прокуроры лауазымында қызмет еткен.

Шымкент қаласына жаңа прокурор тағайындалды

Ғабит Мұқанов прокуратураның құрметті қызметкері. Ол қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.

Соңғы жаңалықтар