Ата заң • Бүгін, 16:58

Қазақстан қоғамдық даму институты жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана қаласында «SARAP» эксперттік клубының «Өзгерістер кезеңіндегі отбасы: әлеуметтік трансформацияға Конституция тұрғысынан жауап» атты отырысы өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан қоғамдық даму институты жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді

Талқылауға Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелері, академиялық қауымдастық пен сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ Астана қаласындағы Отбасын қолдау орталығының өкілдері қатысты. Жиын барысында жаңа Конституция жобасының 30-бабы, яғни неке, отбасы, ана, әке және балаға қатысты нормалар кеңінен сөз болды.

Отырысты ҚҚДИ басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова жүргізді. Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасына отбасы мен неке қатынастарын реттейтін норманы енгізу неке институтының құқықтық мәртебесін айқындап, әлеуметтік өзгерістер жағдайында отбасының құндылық бағдарын нақтылауға ықпал етеді.

«Ауыл» партиясының жастары Конституциялық реформаны қолдайды

ҚҚДИ Отбасы және гендерлік саясат саласындағы зерттеулер орталығының басшысы Ақнұр Иманқұл Қазақстан отбасыларының әлеуметтанулық портретіне тоқталды.

«Еліміздегі отбасы институты дағдарыста емес, керісінше, әлеуметтік өзгерістерге бейімделіп келеді. Бұл құндылық бағдарларын, гендерлік сезімталдықты және әлеуметтік-экономикалық қолдау тетіктерін ұштастыратын икемді әрі теңгерімді саясатты талап етеді», деді сарапшы.

Конституция жобасы партиялық пікірталас тақырыбына айналды

Әлеуметтану ғылымдарының докторы, ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Айгүл Забирова отбасы институтының қазіргі әлеуметтік үдерістер ықпалымен күрделене түскенін атап өтті.

«Бүгінде отбасының трансформация бағыттарын және некенің құқықтық анықтамасын қайта пайымдау қажеттігі туындап отыр. Осы тұрғыда жаңа Конституция жобасының 30-бабында некенің ер мен әйел арасындағы ерікті одақ ретінде бекітілуі құқықтық айқындық береді және қоғам сұранысына сай келеді», деді ол.

Ұлттық эксперт, демограф Аяулым Сағынбаева балалардың ата-анасының некеде болуы олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты үшін маңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, отбасыға қатысты конституциялық нормалар ер мен әйелдің құқықтарымен қатар, ең алдымен, балалардың мүддесіне бағытталуға тиіс.

Астанада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті

Жиын барысында сондай-ақ отбасы институтының трансформациясы, мемлекеттің отбасы саясатын қалыптастырудағы рөлі және конституциялық реттеу мен әлеуметтік практикалардың өзара байланысы талқыланды. Қатысушылар әлеуметтік маңызы бар институттарға қатысты шешім қабылдауда эмпирикалық деректерге сүйенудің маңызын ерекше атап өтті.

Соңғы жаңалықтар