Өнер • Бүгін, 19:07

Түркістанда Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы басталды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

5 ақпан күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің мыңдаған жанкүйері өнер иесімен бірге «Voice Beyond Horizon» атты ауқымды премьерасының алғашқы эпизодын тамашалау үшін бас қосты. Жобаның бастамашысы әрі орындаушы продюсері – Димаштың өзі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы басталды

Алғашқы продюсерлік жобасын таныстыру барысында Димаш Құдайберген тыңдармандарына алғысын білдірді. 

«Құрметті достар! Бүгін сіздерді осында көріп отырғаныма ерекше қуаныштымын. Осы маңызды сәтте жанымнан табылған әрқайсыңызға шын жүректен алғыс айтамын. Бүгін – айрықша күн, себебі дәл бүгін «Voice Beyond Horizon» жобасының әлемдік премьерасы өтеді. Мен үшін премьераны дәл өздеріңізбен бірге өткізу – үлкен мәртебе», деді ол 

dimashnews.com сайтының мәліметінше, көрермендер Димаш пен оның командасымен бірге шоудың алғашқы бөлімін аса қызығушылықпен тамашалап, жобаның алғашқы түсірілімдері өткен Түркістан өңірінің көркем табиғатына куә болды.

Эпизод аяқталғаннан кейін залда ұзақ уақыт бойы толастамаған қошемет пен зор ықылас көрермендердің премьераны жоғары деңгейде қабылдағандығының және Димаш Құдайбергенді ірі жобаның атқарушы продюсері ретіндегі алғашқы рөлін сәтті алып шыққандығының дәлелі болды.

Кездесу аясында шоумен қатар шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Қобызшы Олжас Құрманбек «Gladiator» және «Loreen – Tattoo» композицияларын орындады.

Домбырашылар Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз «Алем» және «Бастау» күйлерін орындаса, Мансұр Құдайберген «When I’ve got you» шығармасының аспаптық нұсқасын ұсынды.

Кештің ерекше тосынсыйы ретінде Димаш Құдайбергеннің «Ғашықтық» әніне түсірілген жаңа mood-бейнебаянының тұсаукесері көрсетілді. Ресми премьерасы жуық арада көрерменге жол тартады.

Айта кетейік, 5 ақпанда Қытайдың танымал Hunan TV телеарнасында халықаралық музыкалық Voice Beyond Horizon жобасының ресми премьерасы өтті.

Соңғы жаңалықтар