Заң мен Тәртіп • 03 Ақпан, 2026

Жемқорлықпен күрес: Бюджетке 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері елде 126 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның 110-ы сыбайлас жемқорлық деректеріне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жемқорлықпен күрес: Бюджетке 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, тіркелген құқық бұзушылықтардың басым бөлігі пара алу, алаяқтық және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілерін қамтиды. Анықталған заңсыз әрекеттерге байланысты 89 адамның қызметі тоқтатылған.

Президент: Жемқорлыққа бейім адам ешқашан патриот бола алмайды

Құқық қорғау органдары 129 қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтап, оның 121-ін сот қарауына жолдады. Тергеу нәтижесінде келтірілген залал көлемі 18 млрд теңгені құрады. Аталған істер бойынша бюджетке 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылған.

Қару-жарақ пен валюта: Шекарада заңсыз жүк тасымалының жолы кесілді

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған тосқауыл қою бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді.
Соңғы жаңалықтар