Медицина • 16 Қаңтар, 2026

Алматыда туберкулезге шалдыққандар қатары азайып келеді

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас фтизиатры Жанар Сапиева ҚДСБ басшысы Марат Пашимовтың қатысуымен өткен медициналық ұйымдары өкілдерінің кезекті отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда туберкулезге шалдыққандар қатары азайып келеді

Алматыда туберкулезге шалдығу мен одан болатын өлім-жітімді төмендетуде тұрақты оң өзгеріс динамика тіркеліп отыр. Туберкулезге шалдығу 15,9%-ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 18,0 жағдай анықталған, ал 2024 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 21,5 болатын.

Балалар арасында да оң өзгерістер байқалады – туберкулез 2,2%-ға төмендеді.

Емделуге бейілділікті арттыру мақсатында амбулаториялық кезеңде пациенттерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен ай сайын 12 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар қалада жыл сайын «Туберкулез» гранты бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс іске асырылып, оның аясында үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік осал топтағы адамдарға көмек көрсетеді.

Туберкулезді емдеудің тың әдісі

Тұрақты нәтижеге қол жеткізуде Алматы қаласы ҚДСБ-ның Фтизиопульмонология орталығының мониторинг және бағалау бөлімі маңызды рөл атқарады. 2025 жылы 155 мониторинг және 42 қашықтан мониторинг жүргізілді.

Сонымен қатар медициналық мамандардың біліктілігін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. 2025 жылы 12 айда қаланың медициналық ұйымдарында жұмыс істейтін 835 медицина қызметкері, оның ішінде дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері оқытудан өтті.

Дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтердің тізбесі ҚҚС-тан босатылды

Сондай-ақ кездесу барысында акушерлік-гинекологиялық, педиатриялық көмектің сапасын мониторингтеу және бағалау нәтижесі, сонымен бірге Алматы қаласының БМСК жастар денсаулық орталықтарының қызметі туралы есеп тыңдалды. Қатысушылар сақтандырылмаған азаматтар мен нозологиялар бойынша медициналық ұйымдар кескініндегі жағдайды талдауға ерекше назар аударды.

Елімізде медициналық қызметке арналған ваучерлер беріле бастайды

Бұдан бөлек, Алматы қаласындағы мемлекеттік емханалардың call-орталықтарының жұмысы, оның ішінде қоңырау шалу қолжетімділігі, кеңес беру сапасы және тұрғындардың өтінішіне жедел жауап беру жайы қаралды.

Соңғы жаңалықтар