Футбол • 12 Қаңтар, 2026

Ғалымжан Кенжебек ресейлік «Ахматтың» ойыншысы атанды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақcтан ұлттық құрамасының жартылай шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек ресми түрде Грозныйдың «Ахмат» клубының қатарына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғалымжан Кенжебек ресейлік «Ахматтың» ойыншысы атанды

фото: instagram.com/akhmatgrozny

22 жастағы шабуылшының Грозный клубымен келісімі 4,5 жылға жасалған.

2003 жылы Тараз қаласында дүниеге келген футболшы алматылық «Қайрат» клубының академиясында тәрбиеленді. Үлкен футболдағы алғашқы қадамын 2020 жылы дәл осы «Қайрат» сапында бастаған. Кейін мансабын «Мақтаарал» (Түркістан облысы), «Жеңіс» (Астана) клубтарында жалғастырып, шетелде де бақ сынады. Кипрдің «Акритас Хлоракас» және Словакияның «Кошице» командаларында өнер көрсетті. Соңғы кездері семейлік «Елімай» клубының намысын қорғады.

«Астана» футбол клубы жаңа маусымға дайындықты бастады

Ғалымжан Кенжебек Қазақстан ұлттық құрамасындағы алғашқы ойынын 2024 жылы өткізді. Ол ұлттық құрама сапында 6 матчқа қатысып, бір гол соқты. Сонымен қатар футболшы Қазақстанның 17, 19 және 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар құрамаларында да өнер көрсеткен.

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері белгілі болды

Айта кетейік, «Ахмат» клубын белгілі бапкер Станислав Черчесов жаттықтырады. Бұған дейін ол Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болған. Сонымен қатар грозныйлық клуб сапында тағы бір Қазақстан футболшысы Максим Самородов та өнер көрсетіп жүр. 

Ислам Чесноков Шотландияның «Хартс» клубына ауысты

Соңғы жаңалықтар

Жетісуда мал саны өскен

Жануарлар • Бүгін, 19:50