Былтыр ел чемпионы атанумен қатар УЕФА Чемпиондар лигасын сәтті өткізіп, негізгі кезеңіне жолдама алған Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері Парсы шығанағындағы матчта тым сүреңсіз ойнады. Бәсеке 3:0 есебімен бакуліктердің пайдасына шешілді. Голдардың үшеуі де екінші таймда соғылды. Тарқатып айтсақ, 67 минутта Альянский, 89 минутта Абубакар және 90+2 минутта Мамедов мергендік танытты. «Қайрат» қанша талпынғанымен бірде-бір рет нәтижелі шабуыл ұйымдастыра алмай, әбден әлекке түсті.
«Қайрат» – «Брюгге» матчы: билеттер сатылымы басталды
Келесі жолдастық кездесуде алматылықтар 14 қаңтарда Хорватияның «Вараждинасына» қарсы өткізеді. Ал оқу-жаттығу жиыны 15 қаңтарда аяқталады. Содан кейін «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасындағы ойындарын жалғастырады.
Бұған дейін Офри Арадтың «Қайраттан» кеткені хабарланған болатын.