Аймақтар • 11 Қаңтар, 2026

Қостанай облысында 28 адам жылыту пунктіне эвакуацияланды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының Лисаковск қаласынан 11 шақырым жерде құтқарушылар республикалық маңызы бар «Қостанай − Қарабұтақ» автожолында қиын жағдайға тап болған рейстік автобустың жолаушыларына көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында 28 адам жылыту пунктіне эвакуацияланды

«Шымкент − РФ» бағытымен келе жатқан автобус техникалық ақауға байланысты қозғалысын жалғастыра алмады. Салонда 28 адам, оның ішінде екі бала болған.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ТЖМ күштері мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің көмегімен барлық жолаушылар жедел эвакуацияланып, жылыту пунктіне орналастырылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласу қажет.

Соңғы жаңалықтар