Фото: Ашық дереккөз
41 жастағы ағылшын маманы биылғы маусымда Франция чемпионатында (Лига 1) айтарлықтай табысқа жетті. Оның басқаруымен «Страсбур» турнирлік кестенің орта тұсынан жоғары көтеріліп, тартымды әрі шабуылдаушы футбол үлгісін көрсетіп отыр.
Лиам Росеньор тізгініндегі «Страсбур» 62 матчтың 50%-дан астамында (32 жеңіс) басым түскен.
«Росеньор клуб басшылығы тарапынан жоғары бағаланады. Ол тек үміткер емес, бүгінгі таңдағы негізгі таңдау болып отыр», деп жазды Фабрицио Романо.