Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман түседі. Шымкент пен Түркістанда кей уақытта тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының орталығында түнде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ақтауды түнде және таңертең тұман басады.
Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Қызылорданы кей уақытта тұман басады.
Жамбыл облысында кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақытта тұман, көктайғақ болуы ықтимал.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде түнде және түнде аздаған қар ұшқындап, жаяу бұрқасын болады, облыстың батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Сонымен қатар көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында кей уақытта 25 м/с дейін жетеді. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с дейін барады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Ақтөбеде күндіз көктайғақ болады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар ұшқындап, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жезқазғанда кей уақытта тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Оралда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын болады, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын болып, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігін, шығысын, оңтүстігін тұман басады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде түнде және күндіз қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Қостанайда күндіз қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін барады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде аздаған қар ұшқындайды, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с дейін барады. Петропавлда күндіз аздаған қар ұшқындап, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Абай облысының солтүстігінде және орталығында жаяу бұрқасын жүріп өтеді. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігін, орталығын тұман басады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с дейін барады. Өскеменде түнде жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде екпіні 15-18 м/с дейін жетеді.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қар ұшқындайды, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін барады.
Астанада жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түсіп, жолдарда көктайғақ күтіледі. Алматыны кей уақытта тұман басып, жолдарда көктайғақ болады. Қонаевта кей уақытта тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.