Фото: almatyboxing.kz
Қос дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбековаға жаңа BYD Song Plus DM-i автокөлігі сыйға тартылды. Құны шамамен 17,45 миллион теңгені құрайтын бұл көлік Алуаның Сербияның Ниш және Англияның Ливерпуль қалаларындағы әлем чемпионаттарындағы жеңістері үшін берілді. Ол екі финалда да қарсыластарын (Қытайдан Ху Мэйи, Түркиядан Бусеназ Чакыроглу) 5:0 есебімен тізе бүктірген еді.

Қазақстанның ең титулды боксшысы Назым Қызайбай 5 миллион теңгенің сертификатына ие болды. Назым биыл үшінші рет әлем чемпионы атанып, Париж Олимпиадасында алғаш рет медаль жеңіп алды (қола), сондай-ақ Ливерпульдегі финалда күміс жүлдегер атанған болатын.

Назым Қызайбай әлем чемпионатында 2014, 2016, 2025 жылдары алтын медаль иеленген.
Бұған дейін Назым Қызайбай Олимпиада ойындарынан кейін сыйға алған көлігін сатқалы жатқанын айтқан еді.