Білім • Бүгін, 17:10

Оқушыға мамандық таңдауға көмектесетін бот пайда болды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп-лицейінің педагогы оқушының болашақ мамандығын таңдауына көмектесетін бот әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқушыға мамандық таңдауға көмектесетін бот пайда болды

фото: Оқу-ағарту министрлігі

Мектепте педагог-кәсіби бағдар беруші болып қызмет атқаратын Назерке Жантаңатова «PROF-Guide» жобасын жасап шығарды. Жоба оқушыларға мамандық таңдау бойынша нақты және жүйеленген ақпарат ұсынып, ата-ана – маман – оқушы арасындағы байланысты нығайтуды көздейді.

Онда кәсіби бағдарлау бойынша тесттер жиынтығы, мамандық таңдауға арналған кеңестер, бейіндік пәндерге сәйкес мамандықтар, Қазақстандағы ЖОО және колледждер, жаңа мамандықтар туралы нақты ақпараттар топтастырылған.

«Соңғы уақытта оқушылардың «Қай мамандықты таңдасам екен?», «Гранттар туралы ақпаратты қайдан тапсам болады?» деген сұрақтарды жиі қойып жүргенін байқадым. Мұндай сауалдар көбейген сайын кәсіби бағдар беру жұмысын жеңіл әрі қолжетімді ету қажеттілігі артты. Сол себепті оқушыларға нақты бағыт беретін «PROF-Guide» атты Telegram ботын жасадым», дейді Назерке Жантаңатова.

Бұл тек автоматты жүйе емес. Оқушылар мен ата-аналар өз сұрақтарын бот арқылы жолдап, жоба авторынан өз сұрақтарына жауап ала алады.

Соңғы жаңалықтар

Бал ашып байығандар көп

Қоғам • Бүгін, 18:17