Медицина • Бүгін, 08:45

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты отандық медицинадағы кезекте межені бағындырып, екі науқасқа соңғы шыққан үш камералы кардиостимуляторлар орнату операциясын сәтті атқарып шықты.

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Кардиология және ішкі ауру­лар ғылыми-зерттеу инсти­туты CRT-P Amvia Sky құрыл­ғысын орнату арқылы жүректі физиологиялық стимуляциялау жөніндегі шеберлік сабағын өткізді. Құрылғы кәдімгі стандартты кардиостимуляторлардан ең алдымен жүрек ырғағы өзгергіштігі табиғи ырғаққа барынша ұқсастығымен ерекшеленеді. Стимуляция алгоритмі физикалық әрі психоэмоционалдық жүктемеге жауап беріп, денсаулықты жақсартып, қолайсыздықтың болмауына ықпал етеді.

Операцияны аритмология қызметінің аға ординаторы Асылхан Паримбеков Польшаның Краков қаласынан келген профессор Кшиштоф Бочардың қатысуымен жасады. Жүрекшелер абляциясы мен кардиохирургиялық араласуларды өткерген, жүрек қарын­шаларының жиырылу біркелкілігі бұзылып, жүрек қызметі жеткіліксіздігі, сол жақ қарыншаның жиырылу фракциясы төмендеген жағдайда пациенттерге арнайы үш камералы кардиостимуляторлар (CRT-P) қажет. Шеберлік сабағына қатысқан хируругтер кардиоресинхрондау терапиясы қағидаттарымен танысты. Терапияның клиникалық тәжірибеде қолданылуы, жүректің өткізгіштік жүйесі аймағына имплантация жасау көрсетілді.

– Шеберлік сабақтары мамандары­мыз­дың медицинаның соңғы жетіс­тік­терінен хабардар болуына, жаңа емдеу әдістері мен технологияларды меңгеріп, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырып, кәсіби өсуіне мүмкіндік береді. Тәжірибе алмасу дәрігерлердің кәсіби қызметке қажетті білімдерін, біліктілік пен дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді, – деді институттың Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев.

А.Паримбековтің айтуынша, үш камералы CRT-P кардиостимуляторлары қарыншалардың синхронды жұмысын қамтамасыз етіп, жүректің қан айдау қызметі мен үздіксіз жұмысын жақсартады. Кардиоресинхрондау терапиясы жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдеудің маңызды компоненті болып қала береді, ал үш камералы құрыл­ғыларды қолдану ұзақмерзімді кли­никалық нәтижелерді жақсартады.

– Жүректің өткізгіштік жүйесіне бағытталған CRT-P имплантациясы жүрек қызметі жеткіліксіздігі бар нау­қас­тарда ұзақмерзімді нәтижелерді жақсартуға жаңа мүмкіндік ашады, – дейді жүрек ырғағы мен өткізгіштігі бұзылыстары бөлімшесінің меңгерушісі Бағдат Ахыт.

Екі операция да сәтті өтті. Енді озық кардиостимулятор орнатылған науқастар ел қатарлы өмір сүріп, қалаған ісімен, тіпті спортпен айналысып, саяхаттай алады.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50