Қоғам • Кеше

Ерлан Қарин: Киіз үй дәстүрінің ЮНЕСКО тізімінде кеңеюі Орталық Азия мұрасының ортақ екенін айғақтайды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұра жөніндегі Үкіметаралық комитетінің 20-шы сессиясында «Киіз үйді жасау және қолдану дәстүрі» аталымын кеңейту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерлан Қарин: Киіз үй дәстүрінің ЮНЕСКО тізімінде кеңеюі Орталық Азия мұрасының ортақ екенін айғақтайды

Фото:Ақорда

«Бұл киіз үйді әлемдік мәдениеттің бір бөлшегі ретінде тану мүмкіндігін арттырады және Орталық Азия мұрасының ортақ екенін айғақтайды», деді Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, киіз үй дәстүрі 2014 жылы Қазақстан мен Қырғызстанның ұсынысымен ЮНЕСКО-ның репрезентативті тізіміне енген болатын. Ал биылғы кеңейту шешімі оның ауқымын арттырып, халықаралық мәдени кеңістіктегі танымалдығын күшейтеді.

Мемлекеттік кеңесші Қазақстанның бұған дейін ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне 14 аталым енгізгенін еске салды. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз 183 мемлекеттің ішінде үздік 25-тің қатарында.

«Сонымен қатар қазіргі таңда Қазақстанның «Салбурын» ұлттық өтінімі және «Кесте тігу өнері» (Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан), «Киіз басу өнері» (Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Иран, Моңғолия, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан), «Алпамыс жыры» (Қазақстан, Әзербайжан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан), «Тақия» (Қазақстан, Түркіменстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия) аталымдары ЮНЕСКО-ның қарауында екенін айта кеткен жөн», деді Е.Қарин.

Айта кетейік, кейінірек Өзбекстан өтінімді кеңейтуді ұсынып, оған қарақалпақ дәстүрін қосуды ұсынған.

Еске салайық, бұған дейін қобыз бен киіз үйдің ЮНЕСКО тізіміне енгенін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025