Әдебиет • Бүгін, 17:26

Жалғыз роман жазған жазушы

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Wuthering Heights» («Желді қыраттар») – ағылшын жазушысы Эмили Бронтенің өмір бойы жазған жалғыз романы. Ол бұл шығармасын алғаш рет 1847 жылы «Эллис Белл» деген бүркеншік атпен жариялаған. Роман Батыс Йоркширдегі қыраттарда тұратын екі жер иеленуші отбасының – Эрншоулар мен Линтондардың және Эрншоулардың этникалық тегі белгісіз асыранды баласы Хитклиффпен арадағы күрделі қарым-қатынастарын суреттейді. Махаббат, құштарлық және кек алу туралы сөз қозғайтын бұл шығарма романтизм мен готикалық әдебиеттің ықпалында жазылып, ағылшын әдебиетінің классикасы ретінде танылды.

Жалғыз роман жазған жазушы

Фото: Ашық дереккөз

Роман алғаш жарық көрген кезде сыншылардың пікірлері екіге бөлінген еді, бірақ кейінірек бұл туынды ағылшын тіліндегі ең ұлы романдардың бірі ретінде мойындалды. Оның даулы болуына психикалық және физикалық қатігездікті, соның ішінде отбасылық зорлық-зомбылықты бейнелеуі, сондай-ақ Виктория дәуірінің моральдық ұстанымдарына, дініне және таптық жүйесіне қарсы келетін тұстары себеп болды.

«Неге бұл роман осыған дейін жиі оқылып, тіпті ағылшын әдебиетінің таңдаулы шығармалар қатарынан түспей келеді?» деген заңды сұрақ туары анық.  Автор бұл туындысында романтизм мен готикалық әдебиеттің элементтерді жақсы үйлестіре алған. Сонымен бірге адам табиғатының қараңғы жақтарын ашық көрсеткен алғашқы шығармалардың бірі де осы.

Бір сөзбен айтқанда, «Желді қыраттар» – махаббат пен кектің адамды қалай өзгертетінін, әлеуметтік орта мен ішкі күйзелістердің тағдырға әсерін көрсететінін терең түсіндіретін шығарма.