Спорт • Бүгін, 15:35

Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтеді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін АҚШ-тың Вашингтон қаласында футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионаты финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді. Жеребе тарту рәсімін «Qazsport» телеарнасы Қазақстан уақытымен 22:00-де тікелей эфирде көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтеді

Фото: kff.kz

Қазір 2026 жылғы әлем чемпионатында бақ сынайтын 42 мемлекет белгілі. Тағы 6 құрама алдағы уақытта анықталады.

Канада, АҚШ және Мексика мемлекеттері бірлесіп қабылдайтын әлем біріншілігі 2026 жылғы 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.

Жеребенің бірінші себетінде Канада, Мексика, АҚШ, Испания, Аргентина, Франция, Англия, Бразилия, Португалия, Нидерланды, Бельгия, Германия бар.

Екінші себетте Хорватия, Марокко, Колумбия, Уругвай, Швейцария, Жапония, Сенегал, Иран, Оңтүстік Корея, Эквадор, Австрия, Австралия елдері бар. 

Үшінші себетте Норвегия, Панама, Египет, Алжир, Шотландия, Парагвай, Тунис, Кот-д'Ивуар, Өзбекстан, Катар, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Африка елдері орналасқан.

Төртінші себетте Иордания, Кабо-Верде, Гана, Кюрасао, Гаити, Жаңа Зеландия мемлекеттері бар.

Жеребе бойынша 4 командадан тұратын 12 топ жасақталады. Әр топтан бірінші және екінші орын алған командалар автоматты түрде плей-оффқа жолдама алады.