Ассамблея жылының мерейлі салтанаты күн санап шарықтай түсуде. Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылған «Қоғамдық келісім» сарайы тағы бір игі шараның шымылдығын ашты. Мұнда «Ассамблея – бірлік тұтқасы» мега-жобасы бастау алып, «Достық кітабын» мекемелер мен кәсіпорын ұжымдарына тапсыру шарасы өткізілді.
– Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі достық, бауырмалдық пен түсіністік қағидалары біздің мәңгілік құндылығымыз екендігін бүкіл әлемге паш етті, – деді салтанатқа қатысушыларды құттықтауында Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марзият Тохаева. – «Достық кітабы» эстафетасы 2013 жылдан қолға алынып, бүгінге дейін жалпы білім беретін мектептердегі, одан кейін колледждер мен жоғары оқу орындарындағы игі шараларға екпін берді. Еркін пікір алаңына айналған бұл жоба енді еңбек ұжымдарындағы жақсы істердің жаршысы болатындығына сенеміз.
Көкшетау қаласындағы барлық ұлттық-мәдени орталықтардың, оқу орындары мен мекемелердің өкілдері қатысқан жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Мейрамбек Киіков пен Елена Мащинская облыс әкімі Сергей Кулагинмен бірге Астана қаласында, Ассамблея жылы бастау алған күні «ҚХА – 20 игі іс» эстафетасының символы – «Тайқазанды» қабылдап алған сәттегі әсерлерімен бөлісті. «Тайқазанымыз» жылы көңілдерге, қамқор көмекке тола бергей деген тілек білдірілді.
Кездесуге қатысушылардың тілегі бойынша облыстық мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Наталья Глушковская мен дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Сәуле Ыбыраева өз ұжымдары атқарып жатқан жұмыстар жайлы мағлұмат берді. Мәселен, облыстың мұрағат жүйесі 21 мемлекеттік мұрағатты біріктіреді екен. Бұл республикадағы ең үлкен құрылым. Мұндағы 5233 қорда 309598 іс сақтаулы. Ұжым өткен жылы жеке тұлғалар мен ұйымдардың 23 мың сұрау салуын дер кезінде қанағаттандырған.
Ал Сәуле Ыбыраева облыс аумағында 205 діни бірлестік пен 50 миссионерлік қозғалыс жұмыс істейтіндігін, олар өңірдегі түсіністік пен тұрақтылыққа қызмет ететінін айтты.
Шара барысында «Достық кітабы» облыстық мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Наталья Глушковская мен облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары Еркін Көкеноваға салтанатты жағдайда табыс етілді.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы.

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше