Фото: Istock
Дүниежүзілік банк жыл сайын ресми түрде танылған халықаралық дереккөздер негізінде қалыптастырылатын статистикалық тиімділік көрсеткіштері (Statistical Performance Indicators – SPI) рейтингін жариялайды. Аталған рейтингте ұлттық, өңірлік, жаһандық бағалауларды қоса алғанда, әлемдік даму туралы өзекті әрі дәл деректер жинақталып отырады.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің мәліметінше, статистикалық тиімділік көрсеткіштері – ұлттық статистика жүйесінің деректерді пайдалану, көрсетілетін қызметтер, статистикалық өнімдер, дерек көздері, деректер инфрақұрылымы сияқты критерийлер бойынша мүмкіндіктерін көрсетеді. Бағалау диапазоны – 0-ден 100-ге дейін, 100 – ең жоғары деңгей.
Өткен жылдың деректеріне сәйкес, Қазақстанның ұлттық статистика жүйесі 100 мүмкін балдың 84,9-ін жинаған. Жалпы көрсеткіштің өсуіне келесі компоненттердің жақсаруы ықпал еткен.
Деректерді пайдалану: +10,
Дерек көздері: +10,2,
Деректер инфрақұрылымы: +10
Деректерді ұсыну қызметтері: +1,1 балл.
SPI-2024 рейтингінде статистикалық жүйелері көш бастап тұрған елдер – Норвегия, Швеция, Канада.