Турнирдің мақсаты – пробация есебіндегі азаматтарды спорт арқылы қоғамға бейімдеу, салауатты өмір салтын насихаттау және олардың өмірге деген құлшынысын арттыру.
Ұлытау облысы бойынша пробациялық есепте тұратын сотталғандар спорттың қазақша күрес және қол күресі түрінен сайысқа түсті. Турнирге өңірдің әр ауданынан жазасын өтеушілер жиналып, жарыс тартысты өтті.
«Сайыс әділ өтті деген ойдамын. Жарыс нәтижесі бойынша қол күрестен Жезқазған пробация есебінде тұратын жазасын өтеуші бірінші орын алды. Алдағы уақытта осындай іс шараның жиі болуы сотталғандардың түзелуіне, қоғамға қайта бейімдеуге септігін тигізеді деген ойдамын», дейді Жезқазған қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары, әділет майоры Аңсаған Мұханбетов.
Сайыстың соңында үздік деп танылған спортшылар ақшалай сыйлық, арнайы диплом және медальмен марапатталды.
Ұлытау облысы