26 қараша күні Копенгагендегі (Дания) «Паркен» стадионында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 5-туры аясында Алматының «Қайрат» клубы мен стадион иесі – Данияның «Копенгаген» командасы арасында матч өтеді.
Данияның «Копенгаген» командасы мен Алматының «Қайрат» командасы арасындағы кездесу Қазақстан уақытымен 22:45-де басталады.
Матчтың тікелей трансляциясын Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ телеарнаның ресми сайтынан көруге болады.
Айта кетейік, қазіргі уақытқа дейін даттық команда бір ғана ұпай жинады. Германияның «Байер» командасымен тең түсті (2:2).
Одан кейінгі үш ойында қарсыластарынан жеңіліп қалған еді («Қарабахтан» (0:2), «Боруссиядан» (4:2) және «Тоттенхэмнен» (0:4).
«Қайрат» командасы да бір ұпайын «Пафосқа» қарсы (0:0) ойында тең түсу арқылы алды. Сонымен қатар командалардың гол айырмасы ұқсас: даттықтарда - 8, ал қазақстандықтарда - 9.