Аймақтар • Бүгін, 09:38

Маңғыстауда биыл 70 тонна балық өсіріліп жатыр

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауда биыл 70 тонна балық өсіріліп жатыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік балық шаруашылығы басқармасының басшысы Арман Молдашев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда биыл 70 тонна балық өсіріліп жатыр

Фото: istockphoto.com

Спикердің айтуынша, 2025 жылы басқарма табиғат пайдаланушылардың өтінімі негізінде 6 500 тоннаға жуық балық аулауға 590 мемлекеттік қызмет көрсетті. Кәсіпшілік балық аулау бойынша 2025 жылдың бірінші жарты жылдығында 4 150 тонна балық ауланған.

«Өңірде балық өсірумен үш мекеме айналасады. Атап айтқанда, «Kazakh Оsseter» ғылыми өндірістік кәсіпорны» мен «Caspian Riviera» ЖШС бекіре тұқымдас балық түрлерін ал, «Nataly Company» мекемесі жайын балығын өсіреді. Бұл кәсіпорындар балықтарын суды қайта падалану арқылы, яғни тұйық су айналымы жүйесінде өсіріп келеді», деді Арман Молдашев.

Брифинг барысында спикер теңіз жағалауы бойынша 6 балық шаруашылық ауданы 33 учаскеге бөлінгенін айтты.

«Жыл басынан бері 21 кәсіпшілік балық аулау учаскесі 13 табиғат пайдаланушыға бекітіліп берілген. Оның Түпқараған ауданы бойынша 13 балық шаруашылығы учаскесі 8 табиғат пайдаланушыға, Қарақия ауданы бойынша 8 балық шаруашылығы учаскесі 6 табиғат пайдаланушыға бекітілген. Қалған 12 учаске резервте», деді Арман Молдашев.