Әлем • Бүгін, 12:19

АҚШ Каспий құбыр консорциумы, «Теңізшевройл» және Қарашығанақ жобаларына қатысты санкцияларды тоқтатты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Каспий құбыр консорциумы (КТК), «Теңізшевройл» және Қарашығанақ жобасына қатысты бұрын әрекет еткен шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ Каспий құбыр консорциумы, «Теңізшевройл» және Қарашығанақ жобаларына қатысты санкцияларды тоқтатты

Ведомство жаңа 124B нөмірлі жалпы лицензияны жариялап, аталған жобаларға қызмет көрсету мен оларды үздіксіз пайдалануға рұқсат берді. Лицензия осы жобаларға қатысы бар барлық операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Рұқсат сондай-ақ «Роснефть», «Лукойл» және олардың еншілес компаниялары қатысатын операцияларға да таралады, егер олар КТК, ТШО немесе Қарашығанақ қызметімен тікелей байланысты болса. Дегенмен аталған жобалардағы үлестерді сату немесе үшінші тұлғаларға беру жөніндегі шектеу күшінде қалады.

Жаңа лицензия 14 қарашада күшіне енді және оған дейін қолданылған 124A лицензиясының орнын толық басты.