Ол бұл пікірін Кай-Фу Лидің шақыруымен Қазақстан Президенті жанындағы ЖИ дамыту кеңесіне қатысқаннан кейін айтты.
Питер Норвигтің айтуынша:
- Қазақстан – мұнайлы ел, бірақ экономикасын ИИ бағытына батыл бұрып отырған мемлекет.
- Елдің демографиясы жас, жастар технологияға қатты қызығады.
- Білімге ерекше көңіл бөлінген: қазір елде 30-ға жуық шетелдік университет филиалдары жұмыс істейді.
- Қазақстан иммиграция шектеулерін дұрыс пайдаланып, шетелдік студенттерді көп тартып жатыр, өз студенттерін де халықаралық деңгейде оқытуда.
- Startup экожүйесі венчурлық капиталға емес, мемлекеттік гранттарға сүйенеді — бұл ерекше модель, бірақ нақты нәтиже беріп жатыр.
- Елде алғашқы «единорогтар» пайда болды.
Ең маңыздысы — Үкімет ұзақ мерзімді, байыпты курсты ұстанып отырғанына қоғамды сендіре алған.
Норвигтің айтуынша, Қазақстан билігінің айқын бағыты, тұрақты саясаты және технологияға салған инвестициясы елдегі инновациялық экожүйенің жылдам өсуіне жағдай жасап жатыр.