фото: unsplash
Атап айтқанда, WhatsApp пайдаланушыларға чаттағы барлық хабарламаларды жоюға мүмкіндік беретін функцияны жетілдіруде. Қазір пайдаланушылар менюден «Чатты тазалау» опциясын таңдай алады, содан кейін растау туралы хабарландыру пайда болады. Бұл хабарландыруда құрылғының галереясынан медиа файлдарды жою мүмкіндігі де бар.
Wabetainfo порталының жаузынша, енді WhatsApp чатты тазалау кезінде тағы бір панель көрсетіп, жұлдызшалы (таңдаулы) хабарламаларды да жою қажет пе деген сұрақ қояды. Бұл маңызды ақпарат немесе тіркемелерді кездейсоқ жоғалтуды болдырмауға көмектеседі.

фото: Wabetainfo
Сонымен қатар, WhatsApp пайдаланушыларға тазалау процесі кезінде қандай медиа файлдарды жою керектігін таңдауға мүмкіндік береді. «Барлығын тазалау» деген бір ғана опцияның орнына, барлық хабарламаларды сақтап, тек медиа файлдарды жою сияқты таңдаулар жасауға болады. Бұл икемділік пайдаланушыларға өз қажеттіліктеріне сәйкес орын мен кеңістікті дәлірек басқаруға мүмкіндік береді.
Әрекетті растаудан бұрын WhatsApp жойылған деректерден босатылатын сақтау көлемін де көрсетеді. Чатты тазалау функциясы чат туралы ақпарат экранның төменгі жағына біріктіріледі. Қазіргі кезде жаңа чаттарды тазалау функциясы Android бета-нұсқасында қолжетімді.