Президент • Бүгін, 09:50

Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңіне қадам басты

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Российская газета» басылымына жариялаған «Мәңгілік достық – халықтарымыз үшін жарқын жол» атты мақаласында екі ел арасындағы транспорттық-логистикалық саланың маңыздылығына тоқталады, деп жазады Egemen.kz

Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңіне қадам басты

Бүгінде еліміздің аумағы арқылы 13 халықаралық транспорт дәлізі өтіп жатыр. Оның бесеуі теміржол желісі болса, сегізі – автомобиль жолы, сәйкесінше осы жолдар Азия мен Еуропа арасындағы құрлықтағы жүк тасымалының 85 пайызын қамтамасыз етіп тұр.

«Қазақстан мен Ресейдің аумағы мен географиялық орналасуын ескере отырып, транзиттік бағыттарды және тиісті инфрақұрылымды одан әрі дамыту бүкіл Еуразия кеңістігінің тұрақты көлік байланысын қамтамасыз етуде айрықша маңызды рөл атқарады. Осы мақсатқа жету үшін біздің елдер «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль дәлізіндегі өткізу қабілетін жоғарылату бойынша жұмыс істеп жатыр. Қазақстан мен Ресей шекарасындағы 30 автомобиль өткізу бекетін модернизациялау жүзеге асырылуда.

Біз «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізінің шығыс бағытын кеңейту бағытында бірлесіп жұмыс істеп келеміз. Қазіргі уақытта бұл бағыттағы жүк тасымалы көлемі айтарлықтай өсіп отыр. Бұл үдерісте Ресей – Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржолының маңызы ерекше. Осы стратегиялық бағыттың өткізу қабілетін алдағы бес жыл ішінде жылына 20 миллион тоннаға дейін арттыруды көздейтін жол картасына қол қойылды», деп жазады Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, аталған бағыттар біздің ынтымақтастығымызда маңызды орын алады, алайда елдер арасындағы өзара іс-қимыл ауқымы мұгымен шектелмейді, яғни мүмкін болған барлық саланы қамтиды.