Шаруашылық • Кеше

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту: 216,3 млрд теңгеге қаржы лизингі шарттары жасалды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл елімізде 8,5 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген қаржы лизингі арқылы алуға шарттар жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту: 216,3 млрд теңгеге қаржы лизингі шарттары жасалды

Фото: Ашық дереккөз

Министр Айдарбек Сапаровтың айтуынша, ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша қаржыландыру көлемі 250 млрд теңгені құрап отыр. Бүгінде 8,5 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасын жеткізуге 216,3 млрд теңге сомасына қаржы лизингі шарттары жасалған.

Ауыл шаруашылығы техникасының негізгі бөлігі тракторлар мен комбайндар, бұл жалпы санның 54%-ын құрайды.

Биыл Қазақстанда заманауи және жоғары өнімді техника өндіретін әлемдік John Deere бренді локализацияланғаннан кейін жеңілдікті лизингтің жеке бағдарламасы іске қосылған. Осы бағдарлама шеңберінде барлығы 23 млрд теңге сомасына 109 техника лизингке қаржыландырылды, 2,2 млрд теңгеге тағы 13 техника сатып алу мәмілесі мақұлданды.

Айдарбек Сапаров бұл бағдарламаның агросектордағы еңбек өнімділігін арттыруға және техникалық паркті жаңартуға тікелей ықпал ететінін атап өтті.