Аймақтар • Бүгін, 15:21

Жас мұғалім президенттік жастар кадр резервіне қабылданды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысынан Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған Алмагүл Әнуарбековаға облыс әкімі Дастан Рыспековтің атынан арнайы құттықтау табыс етілді. Құттықтау хатты әкім аппаратының басшысы Кеңгірбай Смағұлов тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жас мұғалім президенттік жастар кадр резервіне қабылданды

«Мен де Президенттің жастар кадр резервінің мүшесі ретінде осы жауапты әрі бағыты айқын жолмен жүріп келемін. Мемлекет басшысының бұл бастамасы жас буынға сенім артып, басқару ісіне жаңа серпін беруді көздейді. Сол сенімді ақтап, өңіріміздің атын абыроймен танытатыныңызға сенемін», делінген облыс әкімінің құттықтауында.

2025 жылға арналған резерв құрамына енген Алмагүл Бауыржанқызы «Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау» бағыты бойынша іріктеуден сүрінбей өтіп, үздіктер қатарынан табылды. Еңбек жолын 2019 жылы Жезқазған қаласындағы №24 мектепте химия пәні мұғалімі болып бастаған. Қазір №24 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

А. Әнуарбекова аймақтық олимпиада мен ғылыми байқаудың сараптамалық комиссия мүшесі, экологиялық бағыттағы ғылыми жобалар жетекшісі. Республикалық деңгейдегі экологиялық жоба байқауларының жеңімпазы. Сонымен қатар халықаралық NXplorers және CLIL білім беру бағдарламаларының сертификатын алған жаттықтырушы.

Ұлытау облысы