
Перинаталдық орталық директорының уақытша міндетін атқарушы Меруерт Айдарханованың айтуынша, бөлімшеге бюджет қаржысы есебінен заманауи жөндеу жүргізілген. Сондай-ақ ауаны тазартып, желдететін жүйе, жаңадан хирургиялық жарықтандыру жабдығы, реанимациялық үстел, тыныс алу аппараты мен MAC R32D рентген қондырғысы орнатылған.
«Бөлімшенің жұмысы қыркүйек айында басталды. Содан бері 4 нәрестеге сәтті ота жасалды. Біздің орталықта жоғары кәсіби неонатолог-дәрігерлер жұмыс істейді. Олар арнайы медициналық жабдықтың көмегімен шұғыл хирургиялық көмексіз аман қалуға мүмкіндігі жоқ балалардың өмірін сақтауды көздейді», дейді Меруерт Айдарханова.
Оның дерегіне қарағанда, облыста жыл сайын 25-30 нәресте хирургиялық патологиямен өмірге келеді. Енді жаңа бөлімше бөбектің алғашқы өмірін сақтап қалуға, сәби өлімінің санын азайтуға ықпал етеді.