Футбол • Кеше

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына 1 миллионнан астам билет сатылған

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Келер жылы өтетін футболдан әлем чемпионатына қызығушылық ерекше жоғары. Халықаралық футбол жанкүйерлері турнир басталмай жатып-ақ 1 миллионнан астам билет сатып алған, деп хабарлайды Egemen.kz NBC News-ке сілтеме жасап.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына 1 миллионнан астам билет сатылған

Фото: istockphoto.com

11 маусым мен 19 шілде аралығында турнирді өткізетін АҚШ, Канада және Мексикадағы сатып алушылар ең көп сұранысқа ие болған. Билеттерді 212 түрлі елдер мен аумақтардың тұрғындары сатып алған.

Сұраныс көлемі бойынша алғашқы ондыққа Англия, Германия, Бразилия, Испания, Колумбия, Аргентина және Франция елдері кірді. Бұл мемлекеттердің футбол жанкүйерлері билеттерді ең көп сатып алғандардың қатарында.

ФИФА билеттерді қайта сату платформасының іске қосылғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда Нью-Джерси штатының Шығыс Рутерфорд қаласында өтетін финалдық матчқа арналған билеттердің бағасы 9 538 доллардан 57 500 долларға дейін жетеді.

Сонымен қатар, ең төменгі бағадағы 60 долларлық билеттер шамамен 40 түрлі матчқа қолжетімді болған. Алайда турнирдің басты ойындарына сұраныс жоғары болғандықтан, бағалар айтарлықтай қымбаттап отыр.

Мысалы, Калифорнияның Инглвуд қаласында өткен АҚШ құрамасының ашылу ойынына билет құны 560 доллардан 2 735 долларға дейін өзгеріп тұр. Тіпті 12 маусымдағы ашылу матчына арналған бір билет қайта сату сайтында 61 642 долларға бағаланған.

Бұл жолы әлем чемпионатында динамикалық баға жүйесі алғаш рет қолданылады, яғни билет құны сұранысқа қарай үздіксіз өзгеріп отырады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыспайды. Дегенмен ұлттық құраманың FIFA рейтингіндегі көрсеткіші соңғы айларда біршама жоғарылаған.