Марапат • Бүгін, 07:55

Заңгерден заңғарға дейін

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әдебиетсүйер қауым көптен күткен жаңалық жария болды. Ұлы даламен тамырлас Мажар елі жазушысы Ласло Краснахоркаи Нобель сыйлығының лауреаты атанды.

Заңгерден заңғарға дейін

Қаламгер өз шығармала­рын 70-жылдардың соңында бас­тап, 80-жылдары қарқын­ды жаза түссе де, оқырманды ең алды­мен «Нобель сыйлығы дәл қай еңбегіне берілді?» дей­тін сұрақ мазалайтыны рас. Бұл сауалға nobelprize.org рес­ми сайты «Марапат оның апока­липтикалық террордың ішінде өнердің құдіретін көр­сете­тін көркем де көреген шығар­ма­шы­лығы үшін берілді», деп жа­­уап жазды. Бұған қоса Но­­бель ма­рапатын тағайын­дай­­­тын ұйым­ дерек көздерінде су жаңа лау­реатты Орталық Еу­ро­па дәс­түріндегі көрнекті эпи­ка­лық жазушы ретінде
сипаттаған.

Ол 1954 жылы 5 қаң­тар­да дүниеге келген. Заңгер кә­сі­бін игерген әкесі мен әлеу­мет­тік қауіпсіздік саласында жұмысшы болған анасы ба­ла кезінде Ласлоның еврей тегі бар екенін жасырған көрі­неді. Әкесінің жолын қуып заң­герлікті оқыған Л.Красна­хоркаи кейін тіл-әдебиетке бет бұрып, заңғар жазушыға айналды.

Ласлоның қаламынан «Сай­тан тангосы», «Веркмейстр үйлесімі», «Турин жылқысы», «Лондон адамы», «Жазықтағы саяхат» секілді бірқатар туынды туған. Ол негізінен күрделі филосо­фия­ға құрылған анти­утопия ­жан­р­ы арқылы әде­биетке жаңалық әкелді. Енді осы бағытқа – терең ой­ға жетелейтін Орталық Еуро­па шы­ғар­маларына қызығу­шы­лық арта­тыны анық.

Айтпақшы, жазушы – көп­теген еңбегін кино тілінде сөй­летуді де шебер меңгерген кәсіби киносценарист. Бұл қабілеті де әдеби туындыларды оқырманға кеңінен танытуға септігін тигізген секілді. Ал­дағы уақытта оның шығармалары қа­зақ тіліне де аударылады деп үміттенеміз.