Вокзалдың жалпы ауданы шамамен 800 шаршы метрден 1300 шаршы метрге дейін ұлғайтылады. Жолаушылар ағыны тәулігіне 1200 адамды құрайды.
Талғат Алдыбергенов объектідегі жұмыс қарқынын жеделдетуді, іске асыру мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етуді және қажетті еңбек ресурстары мен арнайы техниканы қосымша тартуды тапсырды.
Премьер-министр теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын сынға алды
Жалпы Абай облысында 10 теміржол вокзалы, атап айтқанда, Семей және Аягөз қалаларында, сондай-ақ Ақтоғай, Дегелен, Шар, Үшбиік, Жарма, Ауыл, Белағаш және Жалаңашкөл станцияларында толық жаңғыртылып жатыр. Жұмыстарды орындау кезінде мердігер ұйымдарға аймақтың тарихи келбеті мен архитектуралық ерекшелігін сақтау тапсырылды.
Жұмыстар жайлылық пен қауіпсіздікке баса назар аудара отырып жүргізіліп жатыр. Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін жетілдірілген навигациясы бар заманауи күту залдары мен кедергісіз орта құрылады.